Біздің қызметтеріміз

 

«КарагандаТехноСервис» ЖШС келесі жұмыс түрлері бойынша қызмет көрсетеді:

Сараптама

Ғимараттар мен құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау (өнеркәсіптің тау-кен, металлургия, энергетика, машина жасау және құрылыс салаларындағы қауіпті өндірістік объектілерінде, сондай-ақ қазандық, газ шаруашылығында және көтергіш құрылғылары, автокөлік және темір жол көлігі кәсіпорындарының объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу құқығы берілді, Өнеркәсіптік қауіпсіздік аттестаты KZ 46VEK00002717,   16.02 2015 ж.,).

Зерттеп-қарау

Ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік желілерді зерттеп-қарау

(Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына Аккредиттеу туралы куәлік №00005 от 30.03.2016 г.).

Жобалау

Қажетті  сараптамалардан өткізіп сметалық құжаттарды әзірлеумен  ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлік желілерді жобалау (II санатты  жобалау қызметімен айналысуға лицензия ГСЛ –КР №00460,   3 маусым 2006 ж, технологиялыық жобалау, инженерлік желілер мен жүйелерді жобалау, арнаулы жобалау бөлімдері, бірінші немесе екінші және үшінші деңгейлердегі ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік жобалау, құрылыстық жобалау), I санаттағы жобалау қызметімен айналысуға мемлекетік лицензия №16018643,  06.12.2016 г., (құрылыстық жобалау, күрделілігі бірінші немесе екінші және үшінші деңгейлердегі ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік жобалау, қала құрылысын жобалау)).

 

Толық тексеру циклі

 

Жоғарыда аталған қызметтер толық тексеру циклінде және қалпына келтіру жұмыстарымен кешенді ұсынылуы мүмкін, атап айтқанда:

1-кезең

Ғимараттарды (құрылыстарды) өндірістік қауіпсіздік жағдайын сараптаумен тексеру

2 – кезең

Сараптамадан өткізіп сметаларымен күрделі жөндеу (нығайту) жобасын әзірлеу

3 – кезең

Зертханалық мониторинг, күрделі жөндеу (нығайту) бойынша авторлық қадағалау

4 – кезең

Шектеулі-жұмысқа қабілетті және апат алдындағы конструкцияларға қалпына келтіру жұмыстарына дейін аспаптық мониторинг

 

Сынақ орталығы

 

«КарагандаТехноСервис» ЖШС-нің бірыңғай аккредиттелген сынақ орталығында кешенді жұмыс жүргізу мүмкіндігі (аттестат №.KZ.10.1644 от 15.09.2015г), оның құрамында үш зертхана бар:

1

Құрылыстық мониторинг  зертханасы –   құрылыс материалдары мен бұйымдарын сынау бойынша жұмыстар

2

Бұзылмайтын бақылау зертханасы – дайындау, монтаждау, жөндеу жұмыстары, реконструкциялау, техникалық диагностика жүргізу кезінде бұзылмайтын бақылау әдістерімен жабдықтар мен материалдарға бақылау жүргізу

3

Өнеркәсіптік қауіпсіздік зертханасы қауіпсіздік және еңбек қорғау облысындағы нормативтерге сай еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу қызметтерін көрсетеді 

(аккредиттеу аттестаты №.10.1644,  15.09.2015 ж, ҚР аккредиттеу жүйесіндегі зертханаларды аккредиттеу туралы «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МемСТ\ИСО\МЭК17025-2009 талаптарына сай туралы аттестаты)